Банк Центр Кредит

Комиссия Банк тарифтеріне сәйкес

Халық банкі

Комиссия Банк тарифтеріне сәйкес

Қазпошта

Комиссия Қазпошта тарифтеріне сәйкес

Cyber Plat Терминалдары

Комиссия 0,5%

Касса 24 кассалары мен терминалдары

Комиссия 0,8%

Qiwi Терминалдары

KMF кеңселерінде - комиссиясыз, KMF кеңселерінен тыс - комиссия 0,8%

KMF кассалары мен терминалдары

Комиссиясыз

KMF сайты арқылы Онлайн төлем

КМF тарапынан комиссия жоқ, бірақ сіздің картаңызды шығарған банк аударым үшін комиссия ұстауы мүмкін.

KMF МҚҰ мобильді қосымшасы

КМF тарапынан комиссия жоқ, бірақ сіздің картаңызды шығарған банк аударым үшін комиссия ұстауы мүмкін.

KMF-тің жақын жердегі бөлімшесінің мекенжайын мобильді қосымшадан қалай білуге болады?

Геолокациямен бірге біздің кеңселеріміз бен бөлімшелеріміздің тізімін мобильді қосымшаның қалқымалы мәзірінің "KMF картасы" қосымша бетінен көруге болады.

KMF мобильді қосымшасы арқылы микрокредитті қашықтан қалай төлеуге болады?

Мобильді қосымшаның басты бетінде (жоғарғы жағында) микрокредитті онлайн төлеу бойынша мәзір бар, онда "... дейін төлеу " деп көрсетілген».

KMF мобильді қосымшасында қалай тіркелуге болады?

Мобильді қосымшаны іске қосқаннан кейін экранда кіру терезесі пайда болады. KMF мобильді қосымшасында жұмысты бастау үшін қысқа тіркеу рәсімінен өту керек. Ол үшін "Тіркеу" батырмасын басу қажет. Телефон нөмірін енгізу терезесі пайда болады. Телефон нөмірін енгізгеннен кейін "Кодты алу" түймесін басу керек, оны басқан кезде пайдаланушының телефон нөміріне растау үшін SMS код жіберіледі. Пайдаланушы алынған кодты тиісті жолға енгізіп, "Әрі қарай" түймесін басуы қажет. Содан кейін пайдаланушы "ЖСН", "Құпиясөз", "Құпиясөзді қайталаңыз" жолдарын толтырып, "Тіркелу" түймесін басуы қажет.

Мобильді қосымшада тіркелуге әрекет жасадым, бірақ маған смс келмей жатыр?

Егер смс келмесе, оның себептері: Сіз оператор желісінің әрекет ету аймағынан тыс жердесіз. Құрылғыңыздың жады толып қалған (КЭШ); Операторыңызда смс жіберу бойынша қиындықтар бар.

Қосымша арқылы банктік картаммен кредит өтеуге әрекет жасадым, бірақ өтей алмай жатырмын.

KMF мобильді қосымшасында кредитті төлеу кезінде қателіктер туындаса, оның себептері: 1. Картаңызда қаражат жеткіліксіз; 2. Картаңызда интернетте төлем жүргізу функциясы қосылмаған; 3. Картаңызда интернетте төлем жүргізуге шектеу қойылған; 4. Картаңыздың деректерін дұрыс енгізбедіңіз; 5. Құрылғыңызда (телефоныңызда) интернет байланысы жоқ

Мобильді қосымша арқылы кредитті қайта құрылымдауға өтінішті қалай беру керек?

Мобильді қосымшада тіркелгеннен кейін телефоныңызда «Сіздің кредит» жолы пайда болады. «Кредит» жолын басыңыз, содан кейін «Қайта құрылымдау» қосымша бетін ашыңыз. Әрі қарай өзіңізге қажетті әрекетті таңдап, мәтіндік жолды толтырыңыз (не істеу қажет екенін және осы әрекеттің себебін), содан кейін ережемен танысып, «Келісемін» түймесін басыңыз. Экранда «Өтінішіңіз қабылданды, КМФ қызметкері сізбен байланысады» хабарламасы пайда болады.

Мобильді қосымша арқылы төлеген кезде комиссия қандай болады?

Мобильді қосымша арқылы төлеу кезінде комиссия жоқ.

Басқа филиалда транзиттік шоттан қалдықты алуға бола ма? Белсенді микрокредиттер жоқ.

Иә, алуға болады. Бұл үшін бөлімшеге өтініш жазу керек, қызметкерлер бұл өтінішті тиісті бөлімшеге жібереді, онда қол қойып, скан жібереді. Кассада ақшаны береді.

Топтық кредиттеу құрамында бірінші рет қандай жоғары соманы алуға болады?

Бірінші рет 2 000 000 теңгеге дейін, әрі қарай 5 000 000 теңгеге дейін алуға болады.

Жеке кредиттеуде жеңілдік кезеңі қарастырыла ма?

Иә, кредиттік комитет жеңілдік кезеңін қарастыруы мүмкін.

Кепілсіз жеке микрокредит алуға бола ма?

Иә, сіз кепілсіз жеке кредит ала аласыз. Егер сіз бұрын KMF-те кредит алмаған болсаңыз, онда кепілсіз 1 000 000 теңгеге дейін алуға болады. Егер сіз KMF-тің клиенті болсаңыз, онда кепілсіз 2 000 000 теңгеге дейін алуға болады.